Астанада эпидахуал тұрақсыз: Коронавирус тағы күшейіп келе ме?

7 Желтоқсан 2022, 15:41
1142
Бөлісу:
Астанада эпидахуал тұрақсыз: Коронавирус тағы күшейіп келе ме?

Бұл туралы Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Астанада коронавирус індетіне шалдыққандар қатары көбейіп келеді. 

Биыл 24 қазаннан бастап елордада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Тәулігіне 61-ден 69-ға дейін КВИ жағдайы тіркеліп отыр. Желтоқсан айында қараша айының ұқсас кезеңімен салыстырғанда ырқаттанушылық деңгейі 4,6 есеге, яғни 70-тен 322 жағдайға дейін өсті, - деп атап департамент басшысының орынбасары.

Соған қарамастан елорда «жасыл аймақта» қала беретіндігіне тоқталды. 

Сырқаттанушылықтың өсу деңгейіне қарамастан, Астана қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл аймақта» қала береді. Айта кетерлігі, елорда 10 тамыздан бастап «жасыл аймақта». Ал соңғы аптада 432 адам коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда осы жұмада 240 жағдайға көбейген. Орташа тәуліктік тіркеу 61 жағдай деңгейінде. Өткен тәулікте КВИ-дің алғашқы зертханалық расталған 67 жағдайы тіркелді. Бұл сырқаттанушылықтың 1,8 есеге өскендігін көрсетеді, - деді Жанна Пралиева.

Өзгелердің жаңалығы