Астанада экономикалық сарапшылар отырысы өтеді

13 Ақпан 2023, 17:54
1078
Бөлісу:
Астанада экономикалық сарапшылар отырысы өтеді

Түркі академиясы 2023 жылдың 17-18 ақпан күндері Астана қаласында Түркі мемлекеттер ынтымақтастығы ұйымымен бірігіп «Түркі әлеміндегі экономикалық байланыс және интеграция» атты сарапшылар отырысын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Өзбекстан елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен «Түркі әлемі экономикалық саясатын зерттеу орталықтарының ортақ желісін» құру мүмкіндігі талқыланады. 

Сонымен қатар басқосу «Түркі әлемі – 2040» стратегиясы мақсаттарына сәйкес түркі елдерінің экономикалық қарым-қатынастарын тереңдету жолдарын талқылауға бағытталған. 

Келелі басқосуға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Әзербайжан Республикасының бұрынғы Премьер-Министрі және Сыртқы істер министрі Гасан Гасанов, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Әзербайжан Республикасы Экономикалық реформаларды талдау және коммуникациялар орталығының атқарушы директоры Вусал Гасимли Афрас, Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институты Құқықтық және саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Автандил Арабаев, Түркия Республикасы коммерция және сауда министрлігі Сауданы зерттеу және тәуекелді бағалау бас директорының орынбасары Раиф Джан, Мажарстан Сыртқы істер және сауда институтының  бас кеңесшісі Ласло Васа, Өзбекстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының аға маманы Фазлиддин Насриддинов және бауырлас елдердің елшілері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы