Елордалық құтқарушылар екі балаға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Сарыарқа ауданында көпқабатты үйлердің бірінде болған.
2019 және 2021 жылы туған балалар анасы үйден кіреберіске шыққанда есік жабылып, пәтерде қамалып қалды. Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, алтпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен 15 қабат деңгейіндегі пәтерге кірді. Балалар аман-есен ата-аналарына берілді, - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз: