Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған балаларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Астана қаласының Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 3-4 қабаттардың аралығында лифтте екі бала қалып қойған.
Шақыру орнына келген құтқарушылар "Фомка" әмбебап ломның көмегімен лифт есігін ашып, 2014 және 2015 жылы туған балаларды құтқарды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Балалар ата-аналарына табысталды. Оларға медициналық көмекке қажет болмады.