Астанада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтеді

17 Маусым 2024, 17:29
277
Бөлісу:
Астанада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтеді
Фото: olympic.kz

22 маусым күні Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған додаға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде.

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады.

Жарыс 20 жасқа дейінгі жастар арасында 7 салмақ дәрежесінде өтеді.  Ұлдар 60, 66, 73, 81, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

Данияр Макишевті еске алуға арналған халықаралық турнир Kazakhstan Judo Team YouTube арнасынан тікелей трансляцияланады.

Айта кетерлігі, бұл жарыс Қазақстан жастар ұлттық құрама командасының әлем чемпионаты алдындағы дайындық додасы болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы