Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында діндер лидерлерінің отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысы өтіп жатыр.
Хатшылық отырысы аясында VIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындысы «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру туралы пікір алмасу, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIІI съезінің күн тәртібін талқыланады.