Астанада демалыс күнгі жәрмеңкелер жұмысын бастады

9 Маусым 2023, 08:31
758
Бөлісу:
Астанада демалыс күнгі жәрмеңкелер жұмысын бастады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Астанада қалалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен кезекті жәрмеңкелер басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке дәстүрлі түрде әр демалыс сайын Абылай хан даңғылы, 20а (автотұрақ аймағы) мекенжайы бойынша өтеді.

Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, оның ішінде: сүт және азық-түлік өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, сиыр еті, жылқы еті, қой еті және т.б.

Жәрмеңке сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, дәл осындай жәрмеңке Сауран, 7 және Қосшығұлұлы, 14 мекенжайларында да жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы