Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауып жатыр

Жаздың алғашқы аптасында елордада бұршақ жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 7 Маусым 2024 2024, 12:26
7 Маусым 2024 2024, 12:26
4476
Фото: pixabay.com

Жаздың алғашқы аптасында елордада бұршақ жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы аптаның басынан бастап Астанада толассыз жаңбыр жауып келеді.

Бүгін жауынмен қоса бұршақ жауып, найзағай ойнап, күн күркіреп жатыр. 

Жақында "Қазгидромет" синоптиктері маусым айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, батыста және елдің оңтүстік жартысында нормадан 1° жоғары болады деп болжам жасады.

Мамандардың сөзінше, маусым айында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр кей күндері қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел күтіледі.

Наверх