Астанада алғашқы «ашық» дәретхана пайда болды. Бұл туралы астаналық тұрғын Ерлан Сәкенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дәретханаға кіру құны – 1 теңге. Ақылды дәретханаға төлемді QR-код арқылы жасауға болады. Шыныдан жасалған «ашық» дәретханаға кіріп, есікті жапқан кезде әйнектер автоматты түрде түсін өзгертеді, яғни «тонировкасы» іске қосылады.

Ерекше дәретхананың 3 кабинкасы бар: ерлерге арналған, әйелдерге арналған және мүгедектерге арналған. Әйелдер дәретханасында нәрестенің жаялығын ауыстыру үстелі қойылған. Ішкі жағы таза, жылы және ыңғайлы. Жарық, айна бар. Дәретхана қағазы және әйнектің түсін өзгертетін «тонировка» механизмімен жабдықталған. Механикалық құлып жабылған кезде әйнектің «тонировкасы» іске қосылады. Бір сеанстың бағасы – 1 теңге. Астанада мұндай дәретханалар көп болса ғой, – деп жазды ол Facebook парақшасында.






.jpg)