Астанада бірнеше жол учаскесі уақытша жабылады

Астанада Сығанақ көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты бірқатар учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.

 Depositphotos.com 22 Шілде 2025 2025, 08:54
22 Шілде 2025 2025, 08:54
543
Фото: Depositphotos.com

Астанада Сығанақ көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты бірқатар учаскеде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 шілдеге дейін келесі учаскелерде қозғалыс толығымен жабылады:

  • Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосына дейін;
  • Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жол кептелістерін болдырмас үшін бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

Наверх