Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Көктал-1 тұрғын алабында бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жөндеу жүргізілетін көшелер:
- Сұлукөл көшесі Еңлік-Кебек көшесінен бастап Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде;
- Ардагерлер көшесі Д. Бабатайұлы көшесіненбастап Шұғылакөшесіне дейінгіучаскеде.
Осыған байланысты қозғалыс осы жылдың 9-16 мамыр аралығында ішінара жабылатын болады, - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.