Астанада «Birgemiz: areket yaqyty» жобасын таныстыруға арналған конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша алғаш рет жүзеге асырылуда. Аталмыш іс-шара волонтерлік қызметке атсалысатын азаматтардың үлесін арттыруға, сондай-ақ волонтерлік ұйымдар, топтар мен волонтерлердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыруға бағытталған.
"Birgemiz: areket yaqyty" аясында ұлттық волонтерлер фронт-офисінің қызметін, сондай-ақ, халқы арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау, жандандыру және ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген.
Конференция жұмысына ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті, Ұлттық волонтерлік желісі, халықаралық және волонтерлік ұйымдар, және белсенді волонтерлердің және өңірлік фронт-офистерінің өкілдері қатысты.
Конференция барысында қатысушылар жобаны іске асыруға қолдау білдіріп, елдегі волонтерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыру бойынша бірқатар идеялар мен бастамалар ұсынды.