Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада біраз студент онлайн оқиды

26 Қараша 2024, 16:28
2234
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елордада 27-28 қараша күндері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтуіне байланысты кейбір студенттер онлайн оқу форматына көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментіне жауапты Олжас Беркінбаев мәлімдеді.

4 жоғары оқу орны қашықтан оқу форматына көшеді. 2 жоғары оқу орны сабақтардың бір бөлігін қашықтан өткізеді. 2 жоғары оқу орны студенттерін демалысқа (1-триместр) жіберді. 5 жоғары оқу орны дәстүрлі офлайн оқу форматын сақтап қалды. Шешімдерді жоғары оқу орындары өздерінің академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы