Астанада бір тәулікте мың текше метрден астам қар тазартылды

Елордада алғашқы қар түскен соң коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

 Астана қаласы әкімдігі 4 Қараша 2025 2025, 22:53
4 Қараша 2025 2025, 22:53
587
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада алғашқы қар түскен соң коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

4 қараша күні қала аумағынан мың текше метрден астам қар, яғни 86 жүк көлігі көлемінде қар шығарылған.

Түнгі ауысымда қар тазалау жұмысына 374 арнайы техника мен 234 жол жұмысшысы қатысқан.

Қар ең алдымен негізгі магистральдардан және қоғамдық көлік бағыттарынан тазаланады. Кейінірек жұмыстар аулаларда, тротуарларда және аялдамаларда жалғасады.

Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға жол қауіпсіздігін сақтап, ауа райы қолайсыз кезде алыс сапардан бас тартуға кеңес береді.

Наверх