Астанада бір пәтерде 400-ден астам адамды тіркеген

28 Мамыр 2024, 21:45
424
Бөлісу:
Астанада бір пәтерде 400-ден астам адамды тіркеген
Фото: -архив

 Астанада полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың басынан жүргізілген тексерулер нәтижесінде 35 мекенжай анықталды. Онда нақты тұрғылықты жері жоқ көптеген азаматтар тіркелгені белгілі болған. Олармен бірге тұрмайтын жеке тұлғаларды есепке қойғаны үшін тұрғын үй иелері ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен барлығы 40-қа жуық хаттамалар жасалып, оның ішінде 6 заң бұзушыға қайтадан жауапкершілік қарастырылды.

Онда іс жүзінде тұрмайтын азаматтарды тіркеген “резеңке пәтерлердің” иелері ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көші-қон қызметінің қызметкерлері 40-қа жуық хаттама жасап, оның ішінде 6 тәртіп бұзушыны қайтадан жауапкершілікке тартқан.

Мысалы, полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді және 230-дан астам Қазақстан Республикасының азаматы тіркелген тағы бір пәтерді анықтаған. Тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша осы мекенжайларда тұрмайтын, бірақ тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары есептен шығарылды.

Айта кетейік, бүгінгі күні заңнамада бір мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың санына шектеулер қарастырылмаған. Дегенмен тіркелген азаматтар тіркелген жерінде нақты тұруға міндетті.

Өзгелердің жаңалығы