Астанада бір күнде 3,4 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды

9 Қаңтар 2024, 20:44
478
Бөлісу:
Астанада бір күнде 3,4 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Қардың мол жаууына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, қала көшелерінің қарын тазартып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түнгі ауысымда 1500-ден астам арнайы техника мен 400-ге жуық жол жұмысшы көшелердің қарын күреуге шықты.

Астанада бір күнде 3,4 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды

Тротуарларды, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Астанада бір күнде 3,4 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды

8 қаңтар күні Астанада 45 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3410 жүк рейсін құрайды.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 508 000 текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 110 мың ауыр жүк рейсін құрайды.

Астанада бір күнде 3,4 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 9 қаңтарда жауын-шашынсыз көшпелі бұлт күтіледі. Түнде оңтүстік-шығысқа көшетін жел 9-14, күндіз 5-10 м/с, ауа температурасы түнде – 21-23, күндіз – 19-21 аяз.

Астанада бір күнде 3,4 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды

Жаяу жүргіншілер тротуарлармен жүрген кезде сақ болуы, белгіленген орындар арқылы ғана көшелерден өтуі қажет, сол сияқты қарттар мен балаларға көмек көрсеткені жөн.

Өзгелердің жаңалығы