Өткен жауын-шашынға байланысты қала бойынша 100-ден астам техника (ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар) жұмылдырылды. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша Астанада айлық норма жауын-шашын жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осылайша, айлық норма 31 мм болса, 24 тамызда 42 мм жауын-шашын жауды.
Бүгін су басқан негізгі учаскелердің бірі – Ұлы Дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары салынуда, жоба әлі аяқталған жоқ.
Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылысын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында.
Бұған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілді.
Биыл жер үсті ағындарын бұру үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарланып отыр.
«Elorda eco system» ұйымымен жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шаралар жүргізілуде: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды буландыру, су шығару, нөсерлі кәріз жүйелерін және тазартуға арналған құрылыс жұмыстарын жүргізу және т.б.