Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада "Биг Шанхай" базары өртенді

18 Шілде 2025, 08:57
1420
Бөлісу:
PHOTO VIDEO

Астанадағы "Биг Шанхай" сауда базары өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт туралы хабар кеш берілгендіктен, жалын ғимараттың барлық аумағына тарап үлгерген. Үлкен жанғыш жүктеменің болуы сөндіру жұмыстарын күрделендіріп отыр, - дейді ТЖМ баспасөз қызметі. 

Астанада "Биг Шанхай" базары өртенді

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруге  165 қызметкер мен 62 техника бірлігі жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары жоғары жану жүктемесі мен қатты түтіндеу салдарынан күрделі болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 07:10-да оқшауланды. Құтқарушылардың жедел қабылдаған шараларының нәтижесінде өрттің жақын орналасқан ғимараттарға таралуына жол берілмеді", - делінген хабарламада.

Астанада "Биг Шанхай" базары өртенді

Айта кету керек, базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған. Астана қаласы ТЖД және ЖАО 165 адам, 62 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Астанада "Биг Шанхай" базары өртенді

Қазіргі уақытқа дейін зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелген жоқ.

 
 

Өзгелердің жаңалығы