Астанада 25 наурызда бес қабатты жабық паркинг өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін жеке жабық паркингтің бірінші қабаттындағы қойма бөлмесінде алдын-ала өрт шыққандығы анықталған.
Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 65 жуық адам, 13 бірлік техника жұмылдырылған. Өртті сөндіру бойынша жедел штаб ашылды. Өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Тілсіз жау сағат 18:56-да сөндірілгені белгілі болды. Өрт алаңы 50 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер жоқ.