Елордада 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлік жасап, тұрғын үйдің 4-қабатының балконында ілініп тұрған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақан Әкімжановтың баланы қалай құрқарып қалған видеосы әлеуметтік желілерде таралды.
Ақан Әкімжанов елордадағы №31 мектеп-гимназияның 7Д сынып оқушысы. Ол 20 мамырда аулада жүргенінде 4-қабаттың балконында ілулі тұрған баланы байқаған.
Сөйтіп Ақан бірден кіреберіске жүгіріп барып, 4-қабатқа көтеріліп, балконда құлай жаздаған 5 жасар баланы құтқарып қалды.
Ақан Әкімжанов көпбалалы отбасының мүшесі. Ол әрдайым өзінің іні-әпкелеріне де көмектесуге дайын екенін айтты.