"Түтін иісі шығып жатыр": Астанада өртенген ауруханадан балалар қайда көшірілді?

Астанадағы балалар ауруханасының жертөлесінде өрт шықты.

Бүгiн 2026, 09:22
АВТОР
 ТЖМ Бүгiн 2026, 09:22
Бүгiн 2026, 09:22
145
Фото: ТЖМ

Оқиға орнындағы өртті елордалық ТЖД қызметкерлері жедел сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жертөлесінде өрт шығуына байланысты жедел жәрдем бригадалары науқастарды шұғыл түрде қаланың басқа медициналық ұйымдарына ауыстырды. Барлық балалар дер кезінде эвакуацияланды, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Балалардың барлығының жағдайы тұрақты деп бағалануда.

ТЖМ хабарлама түскеннен кейін екі минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, бірден тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен.

Қауіпсіздік мақсатында науқастар мен аурухана қызметкерлері эвакуацияланды. Адамдар жақын маңдағы медициналық мекемеге, сондай-ақ ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдар ұсынған автобустарға орналастырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды, – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Құтқарушылар 10 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толық сөндірген. Ал әлеуметтік желіде оқиға орнында болған науқастар ғимаратта өрттің иісі әлі сақталғандықтан, өздерін № 3 ауруханаға ауыстырылғандарын жазып жатыр. 

Айта кетейік, Астана қаласы Кошқарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында жертөледегі электр қалқанында өрт шыққан еді.

Наверх