Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада аяз қашан қайтады?

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 12:16
356
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві
Фото: ©BAQ.KZ архиві

“Қазгидромет” Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада

27 қаңтарда – бұлтты, кей уақыттарда аздаған қар жауады. Жел солтүстік-шығыстан түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -22…-24°С, күндіз -13…-15°С.
28 қаңтарда – бұлтты, түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-шығыстан түнде 9-14 м/с, күндіз 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°С, күндіз -15…-17°С.
29 қаңтарда – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -20…-22°С, күндіз -10…-12°С.

Алматыда

27 қаңтарда – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысады, 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз +2…+4°С.
28 қаңтарда – бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°С, күндіз 0…+2°С.
29 қаңтарда – бұлтты, кей уақыттарда қар жауады, тұман түседі, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°С, күндіз 0…-2°С.

Шымкентте

27 қаңтарда – бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -1…+1°С, күндіз +5…+7°С.
28 қаңтарда – бұлтты, жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°С.
29 қаңтарда – бұлтты, кей уақыттарда қар жауады. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз +2…+4°С.

Еске салсақ, Қазақстанда ақпан айында күн райы қандай болатыны туралы толық болжамды жарияладық.

Өзгелердің жаңалығы