«102» арнасына елорда тұрғыны оның көлігін жасырын ұрлап кеткенін айтып арызданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жәбірленушінің айтуынша, үш күн бұрын ол «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін Жарқайың көшесіндегі техникалық қызмет көрсету станциясының біріне жөндеуге қалдырған.Ол қайтып келгенде көлікті де, техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысшысын да таппаған.
Полиция қызметкерлері анықтағандай, жөндеуші көлікті үшінші тұлғаға 500 мың теңгеге қайта сатып жіберген, содан кейін ол жұмыстан шығып, қайтып оралмаған.
«Сарыарқа» ауданының ПБ жедел уәкіл қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті көлік құралдарының иелеріне айдап әкету мен көліктен жасалынатын ұрлықты болдырмау үшін автокөлікті қараусыз қалдырмауға және қажетті ұрлыққа қарсы құралдармен жабдықтауға кеңес береді.