Астанада автокөлік отқа оранды

Астанада Нұра ауданында Қорғалжын тас жолы бойында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 25 Қаңтар 2026, 07:47
25 Қаңтар 2026, 07:47
584
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада Нұра ауданында Қорғалжын тас жолы бойында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру жасақтары көліктің толықтай отқа оранғанын анықтады. Өртті сөндіру үшін орташа көбік түзгіш генератор қолданылды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қыс мезгілінде, әсіресе ауа температурасы төмендеген кезде, автокөлікті пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Наверх