Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

24 Қараша 2022, 17:30
1310
Бөлісу:
Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
PHOTO

Бүгін елорда іргесінде жаңадан салынған «Көктал-2» тұрғын алабындағы дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде, 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чемпионаттың салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет және спорт вице-министірі Серік Жарасбаев, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Баймұхаммедұлы Қанағатов, ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Джұмагелдіұлы Нұралинов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Александрович қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ашылу салтанатына спорт ардагерлері де қатысты.

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Дүбірлі додаға еліміздің барлық облысы мен қалаларынан 300-ден астам зілтеміршілер қатысуда. Олар алты күн бойы өздерінің бақтарын сынайтын болады.

Ашылу салтанатынан кейін қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жұлқа және серпе көтеруден рекорд орнатқан елордалық Едіге Ембердіге Халықаралық ауыр атлетика федерациясының естелік сыйлығын табыстады.

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойнатылып, жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаз командалар анықталады.

Айта кетейік, жарыс 29 қарашаға дейін «Көктал-2» тұрғын алабындағы №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде (Баршын көш. 30/2) жалғасады.

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Өзгелердің жаңалығы