Астанада әуежайындағы автотұрақ бағасы қымбаттады

1 Қазан 2023, 14:15
893
Бөлісу:
Астанада әуежайындағы автотұрақ бағасы қымбаттады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Астана халықаралық әуежайындағы автотұрақ бағасына өзгеріс енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2 000 теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3000 теңге тұрады. P1-P3 аймағында екінші және үшінші тәулікте 3 000 теңге, көлікті 3 тәуліктен артық қалдырған жағдайда тәулігіне 4 000 теңге. Сондай-ақ жабық тұраққа көлік қалдырсаңыз, кейінгі тәулікте көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 3000 теңгеге, күз-қыс мезгілінде 4000 теңгеге дейін өседі, - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратта айтылғандай, жүргізушілер көлігін 7 тәуліктен 40 тәулікке дейін әуежай тұрағына қалдыра алады.

Нәтижесінде өзге жолаушылар мен шығарып салушыларға тұрақтан бос орын табылмай жатады. Жолаушылардың көлігін тұрақта ұзақ мерзімге қалдыру қыс мезгілінде қардан тазалау жұмыстарына да кедергі келтіреді. Әуежайдың көлік тұрағы транспортты қысқа мерзімге қалдыруға арналған. Көлікті ұзақ мерзімге әуежайдың тегін тұрағына қалдыруға болады, - дейді әуежайдан.

Өзгелердің жаңалығы