Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Дулат Бабатайұлы көшесінен бастап Шұғыла көшесіне дейінгі Ардагерлер көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда әкімдігі осыған байланысты 5-6 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатынын жазды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - деп жазылған хабарламада.