Астанада ақша айырбастау пунктіне қарулы шабуыл жасалды

1 Мамыр 2024, 07:40
1213
Бөлісу:
Астанада ақша айырбастау пунктіне қарулы шабуыл жасалды
Фото: архив

Астанада бетперде киген адам ақша айырбастау пунктін тонамақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видеода бетперде киген белгісіз адам мылтық ұстап, гранатаны жарып жіберемін деп қорқытқан. Ол барлық ақшаны жинап беруді талап еткен.

Оқиға Мұхамеджанов көшесі, 23а көшесі, Аниса тұрғын үй кешенінде болған.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс - шаралары барысында күдікті ұсталды, - деп хабарлады Астана ПД.

Өзгелердің жаңалығы