28 және 29 қазанда Астанада Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді,деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолы жәрмеңке Тұран даңғылы 48 мекен-жайында, «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкеге 100 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Елорда қонақтары мен тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:
* Ет және шұжық өнімдері - 100 тонна;
* Картоп пен көкөністер - 50 тонна;
* Сүт өнімдері - 20 тонна;
* Жұмыртқа - 400 мың дана.;
* Балық - 2 тонна;
* Ұн және макарон - 25 тонна.
Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан төмен болады.
Өнімнің жалпы көлемі 300 тоннадан асады. Ауыл шаруашылығы өнімі бар автокеруеннің Астанаға шығуы 27 қазанда жоспарлануда.
Елордада қорытынды жәрмеңке 4-5 қарашада Қарағанды және Ұлытау облыстарының аграршыларының қатысуымен өтеді.