Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада апатқа ұшыраған автобуста Қытай азаматтары болған

25 Тамыз 2025, 20:12
548
Бөлісу:
 видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанада Қабанбай батыр даңғылында апатқа ұшыраған автобуста Қытайлық LRT құрылысшылары отырған. Көлік субмердігер ұйым жалға алған. Екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, автобуста Қытай азаматтары – Beijing Huat Curtain Wall Engineering Co.,Ltd. субмердігер ұйымының қызметкерлері отырған. Олар құрылыс нысанына бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, көлік жалға алынған әрі техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз болған.

Апат салдарынан жолаушылардың басым бөлігі жеңіл жарақат алып, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген. Қазіргі уақытта тек екі адам ауруханада қалып отыр. Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған, асқыну қаупі жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Полиция департаменті қызметтік автобус жүргізушісі – Mercedes маркалы көлікті бұрылған сәтте басқара алмай, соның салдарынан автобустың сайға түсіп кеткенін хабарлаған болатын. Қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда тексеріс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Астанадағы кезектен тыс мәслихат сессиясында жеңіл рельсті транспорттың 18 станциясының атауы бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы