Астанада Алмалық көшесіндегі жол учаскесі бір аптаға жабылады. Бұл туралы ақпаратпен 2024 жылы 21 тамызда елорда әкімдігі бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ атап өткендей, Алмалық көшесі бойынша Бабатайұлы көшесінен Болашақ көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 22-28 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау алу сұралады.