Алдағы демалыс күндері Астанада ауа райы біртіндеп жылынады деп күтілуде. Сенбі күні термометр бағандары −7 °C-қа дейін, ал жексенбіде −3 °C-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан, түнде −10…−11 °C аяз сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Болжам бойынша, сенбі және жексенбі күндері қар жауып, күндіз бұлтты болады. Жұмада күн ашық болып, ара-тұра аспанды бұлт торлайды. Демалыс күндері желдің жылдамдығы 4 м/с болады, екпіні 8–10 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жұмада желдің жылдамдығы жоғарырақ — 5 м/с-қа дейін, ал екпіні 10 м/с-қа жетеді, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер наурызда Астанада ауа райы қандай болатынын болжаған.