Астанадағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушылары өзге білім алушыларды соққыға жыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде пайда болған видео Астана полициясының назарына іліккен. Онда бір топ оқушы басқа мектеп оқушыларын ұрып-соққан.
Instagram-дағы Astana_press парақшасында оқыс оқиғаның Астанада Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында болғаны хабарланған.
Осы дерекке сәйкес оқиғаға қатысы бар 9-сыныптың барлық оқушысы анықталды. Олардан ата-анасының көзінше жауап алынды. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Соның нәтижесі бойынша оқушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі, - деді Астана қаласы "Алматы" аудандық полиция басқармасындағылар.
Айта кетейік, елімізде мұндай жайттар жиілеп кетті. Әлімжеттік салдарынан оқушылар көз жұмып жатыр. Мәселен, оқу жылының басында Ақтөбе облысында 9-11 сыныптар арасындағы жанжал салдарынан 9-сынып оқушысы қаза болды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш бала ұсталды. Сондай-ақ мектеп директоры қызметінен шеттетілді.