Астанада 9 мың үй газға қосылды

8 Қыркүйек 2023, 08:45
576
Бөлісу:
Астанада 9 мың үй газға қосылды
Фото: архив

Елордада 12 мың абонент табиғи газға көшу мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде 9 мың тұрғын үй көгілдір отынға қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланы газбен қамту жобасы аясында 20 мың үйге газ жеткізу көзделген. Алматы мен Сарыарқа аудандарының тұрғындары газбен толық қамтылды. Нұра, Есіл, Байқоңыр аудандарындағы газ желілерінің құрылысы жалғасып жатыр.

Жалпы елорданы газдандыру үш кезеңмен жүзеге асырылып, 2025 жылдың соңында аяқталады.

Қала әкімдігінің өкілдері бұған дейін әр жылыту маусымында 500 мың тонна көмір жағылса, биыл газ жеткізудің есебінен көмір тұтыну көлемі 360 мың тоннаға дейін азаяды деп отыр.

Жыл соңына дейін абоненттердің саны өседі деп күтіліп отыр. Себебі тұрғындардың көбі қыркүйек айынан бастап қосыла бастайды. Тұрғын алапбардан бөлек бізде негізгі экологияға зиян келтірген, бұл – ЖЭО-лар. Олар үлкен көлемде көмір жағатын еді. Қазіргі уақытта ЖЭО-1-де 10 қазандық және ЖЭО-2-де 6 қазандық газбен жұмыс істеп тұр. Биыл жаңадан 3 жылу орталығын қосамыз. ЖЭО түгел газбен істейтін болады. Сонымен бірге қосымша газ станциялары қосылады, - дейді Астана қаласы әкімдігінің отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Өзгелердің жаңалығы