Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада 7 жасар қызды зорлау оқиғасы бойынша тың мәлімет шықты

8 Сәуір 2025, 17:24
2478
Бөлісу:

Астанада 7 жасар қызды зорлау оқиғасы бойынша тың мәлімет шықты. Баланың зорлану фактісін  Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, – деп жазылған хабарламада.

Осы оқиға туралы адвокат Азамат Сағал да фейсбуктегі парақшасында жазды.

Бүгін Астанада бір істі «pro bono» негізінде қолға алдым. Сол жерде мен 7 жастағы «А» есімді қыздың құқықтарын қорғап отырмын. Баланы 6-шы сәуір күні өз атасы зорлап, азғындық әрекеттер жасаған деген күдік бар. Бұл мен үшін өте қиын іс! ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлімі бойынша айыпталып отыр. Күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен еді. Астана қаласының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Кінәлі адам лайықты жазасын алады! Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар! Баршаңызға бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!, - деп жазды адвокат.

Өзгелердің жаңалығы