Астанада 37 орында су тасуы ықтимал

25 Ақпан 2020, 09:49
2412
Бөлісу:
Астанада 37 орында су тасуы ықтимал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты. 

Үкіметпен арнайы штаб құрылып, қар еру кезінде тасқын судың алдын алу бойынша кешенді жоспар бекітілді. Су тасқыны ықтимал 37 орын анықталды. Алматы ауданы 7, Байқоңыр ауданында 12, Есіл ауданында 13, Сарыарқа ауданында 5 орында. Әрқайсысы үшін жұмыс түрлері, қажетті материал мөлшері, қаржыландыру және жауапты орындаушылар бекітілді. Осыған байланысты барлық күш пен техника қарды шығаруға және қаланың арық жүйесін тазартуға бағытталды, - деді Көлгінов.

Елорда басшысының айтуына қарағанда, Астана су қоймасының жұмыс режиімінің жоспарлы кестесі бекітілген. Наурыз айына дейін су қоймасында 230 млн текше метр бос көлем құру жоспарлануда.

Су тасқыны кезеңінде дайындық бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы, "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайы және тұрғын алаптарыының аумақтарына ерекше көңіл бөлінуде. Біріншісі, гидротехникалық құрылыстардың дайындығы бойынша министрлікпен ... бірлесе Астана су қоймасының жұмыс режиімінің жоспарлы кестесі бекітілді. Наурыз айына дейін су қоймасында 230 млн текше метр бос көлем құру жоспарлануда. Екіншісі, көктемгі тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында, әуежай маңындағы Майбалық көлінен Нұра Есіл каналына дейін қолданыстағы каналдың су өткізу қабілеттігін арттыру жұмыстары басталды. Үшіншісі, бүгінгі таңда Бейсеков көшесі мен көпірге дейінгі аралықта Есіл өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілуде; Төртіншісі, барлық 16 тұрғын алаптарда қар шығару жұмыстары күшейтілді. Ильинка тұрғын алабының шығыс жағында дамбаны нығайту жұмыстары жүргізілді, Көктал-1 тұрғын алабында екі уақытша жер  үймелері салынды. Өндіріс тұрғын алабында Сарбұлақ өзенінің арнасын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деде әкім.
Өзгелердің жаңалығы