"Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана мен Алматы қалаларына 14, 15 және 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласындағы ауа райы болжамы
14 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы:
• түнде -28…-30°,
• күндіз -21…-23°.
15-16 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы:
• түнде -26…-28°,
• күндіз -20…-22°.
Алматы қаласындағы ауа райы болжамы
14 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы:
• түнде 0…-2°,
• күндіз +3…+5°.
15 қаңтар
Аспан бұлтты. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы:
• түнде -3…-5°,
• күндіз -1…+1°.
16 қаңтар
Аспан бұлтты, кей уақыттарда қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ сақталады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы:
• түнде -5…-7°,
• күндіз -1…-3°.