Астанада 200-ден астам жетім баланы пәтерсіз қалдырмақ болған

Бүгiн, 11:12
375
Бөлісу:
Астанада 200-ден астам жетім баланы пәтерсіз қалдырмақ болған
Фото: Артём Чурсинов -архив

Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.

Өзгелердің жаңалығы