Астанада 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

Жасөспірім Астана қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

 ІІМ Бүгiн 2026, 11:32
Бүгiн 2026, 11:32
325
Фото: ІІМ

Астана қаласында 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр. Баланың үйінен кетіпғ оралмағанын ІІМ мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздестіріп жатыр.

Жасөспірім 15 наурыз күні Астана қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бойы – шамамен 160–165 см, Дене бітімі – орташа, Киімі – қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім, - деп жазылған іздестіру хабарламасында. 

Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына шұғыл хабарлауға шақырады.

Наверх