Қазақстанда жүздеген құрылыс нысандары лицензиясыз және рұқсатсыз салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұндай мәліметті Energyprom.kz мониторинг агенттігі келтіріп отыр.
Ең проблемалы өңірлер Астана, Алматы және Маңғыстау облысы екені хабарланды.
Қазір елімізде 264 құрылыс салушы үлескерлерден қаражат тартуға рұқсатсыз құрылыс салып жатыр. 13 ақпандағы жағдай бойынша 293 проблемалық нысанның 136-сы үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаты жоқ, Алматыда осындай 29 нысан бар, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматыда 45 тұрғын үйден пәтер сатып алуға болмайтынын жазған болатынбыз.