Астанада вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қаладағы сауда нүктелері тексеріліп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тәртіп сақшылары наурыз айының соңына дейін елордада "Насвай" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Алматы ауданы бойынша рейдке қатысушылар аудандық әкімдік, полиция қызметкерлері-Б.Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінде орналасқан сегіз сауда нүктесін электронды темекі мен насвайдың заңсыз сатылуын тексерді. Меншік иелерімен темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша түсініктемелер жүргізілді.
Сарыарқа ауданы бойынша "Насвай" жедел-профилактикалық іс-шарасына 53 полиция, мемлекеттік мекемелер мен қоғам қайраткерлері жұмылдырылды. Рейдтер барысында аудан бойынша 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Есіл ауданының жұмыс тобы бір күнде 40-қа жуық ШОБ нысанын тексерді. Кәмелетке толмағандарға вейп сатудың 2 фактісі анықталды. Тексерушілер ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады.Бұзушылар 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс.
18-20 наурыз аралығында барлығы 80 ШОБ нысанына барып, 10 факт анықталды, оның ішінде насвайды сатқаны үшін – 7 жағдай. ҚР ӘҚБтК 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Үш жағдайда кәмелетке толмағандарға вейп сатылды. Құқық бұзушыларға да айыппұл салынды.
20 наурызда Нұра ауданында кезекті рейд өткізілді. Іс-шара барысында Асфендияров және Анет баба көшелерінде орналасқан 20 сауда нүктесі тексерілді. Нәтижесінде екі дүкен 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Үш күн ішінде Байқоңыр ауданы бойынша сегіз ірі базар, дүкендер мен сауда үйлері тексерілді. Сонымен, Лермонтов көшесіндегі жеке үйде 88 келі насвай тәркіленді. Құқық бұзушыларға айыппұл салынды, олармен түсіндірме әңгімелер де өткізілді.