Астанада 10 қабатты үйдегі пәтер өртке оранды

Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

 ҚР ТЖМ Бүгiн 2026, 14:48
Бүгiн 2026, 14:48
190
Фото: ҚР ТЖМ

Дәл қазір елордалық ТЖМ өрт сөндірушілері Сарайшық ауданындағы К. Әзірбаев көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер жеткен кезде 7-қабаттағы пәтерде өрт болып жатқаны анықталған. Сондай-ақ подъезде түтін басқан.

Өртті жедел сөндіру үшін су беріліп, барлық қажетті шаралар қабылдануда. Су үздіксіз жеткізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру үшін бірнеше учаске ұйымдастырылған. Үй тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх