"Астана Жұлдызы" айналма жолы бойынша қозғалыс ішінара шектеледі

Бүгiн, 04:20
161
Бөлісу:
"Астана Жұлдызы" айналма жолы бойынша қозғалыс ішінара шектеледі
Фото: baq.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Астана Жұлдызы" айналмасы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті. Осыған байланысты 17-19 тамыз аралығында айналма жол қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл ретте қозғалыс қоса берілген схемаға сәйкес екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.

"Астана жұлдызы" айналмасына жоғарғы қабатты төсеу 17 тамыздан 18 тамызға дейін;
- Тұран даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен "Астана жұлдызы" айналмасына дейін;
- Қабанбай батыр даңғылы Хусейн бен Талал көшесінен "Астана жұлдызы" айналмасына дейін.
"Астана жұлдызы" айналмасы жоғарғы қабатты төсеу 18 тамыздан 19 тамызға дейін;
- Қабанбай батыр даңғылы (әуежай) Мәңгілік Ел даңғылынан "Астана жұлдызы" айналмасына дейін;
- Астананың оңтүстік-батыс айналма жолынан "Астана жұлдызы" айналма жолына дейін (Қосшы қ. тарапынан).

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы