Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

29 Маусым 2023, 09:47
487
Бөлісу:
Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады
Фото: BAQ.KZ - архив

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс аясында ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, "Red Wings" әуе компаниясы 2023 жылғы 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау "Sukhoi Superjet-95" типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.

Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы