Елордада 5 тамыздан бастап "Астана" ТЖ вокзалындағы ақылы тұрағының тарифтері өзгертіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Пайдаланушылар үшін ыңғайлы және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 2 сағаттан кейінгі 6 сағатқа дейінгі тұрақ үшін әр сағатына қосылатын 1 мың тг төлем алынып тасталынады.
Енді сағаттық тариф 200 тг болады, яғни әр қосымша сағат үшін тек 200 тг қосылады.
Мәселен, қазіргі тариф бойынша 3 сағаттық тұрақ үшін пайдаланушы 1200 тг төлеуі керек. Жаңа тариф бойынша 3 сағат үшін 600 тг алынады. Одан көптеу уақыт, 6 сағатты салыстырсақ, қазіргі тариф бойынша ол 4 200 тг, ендігі жаңа бағада – 1 200 тг.
Айта кетейік, "Астана" теміржол вокзалындағы ақылы тұрақ тарифі 2017 жылдан өзгерген жоқ. Тарифтік кесте тұрғындардан түскен өтініштердің нәтижесі бойынша және тұрақтарды пайдалану шығындарының қаржылық көрсеткіштерін ескере келе жасақталды.