Астана тұрғыны көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген

20 Мамыр 2024, 13:42
470
Бөлісу:
Астана тұрғыны көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген
Фото: polisia.kz

34 жастағы Астана тұрғыны көршісінің сеніміне кіріп оның ақкөңілділігін пайдаланып, оның атынан алты несие рәсімдеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол банктерден мобильді банкинг арқылы екі несие алып үлгерсе, қалғанын шағын несие ұйымдарынан алған. Анықталғандай күдікті көршісімен сенімді қарым-қатынаста болған және оның жұмыс іздеп жүргенін білген соң, ол оған көмектеспек болған сыңай танытқан. 

Сөйтіп көршісінің жеке деректерін иемденіп алған күдікті жалпы сомасы 4 миллион теңгеге онлайн несие алған. Қазір Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Алаяқтық жасаған күдікті қылмысын мойындады. Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы