Астана-Теміртау тасжолы барлық көлік түрлеріне ашылды

3 Желтоқсан 2022, 10:15
877
Бөлісу:
Астана-Теміртау тасжолы барлық көлік түрлеріне ашылды

Ауа райының тұрақтануына байланысты Астанадан шығатын республикалық маңызы бар жолдар ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«2 желтоқсан күні сағат 23.30-дан бастап ауа райының тұрақтануына байланысты республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тас жолының 1291-1426 шақырымдарының аралығы, Астана-Теміртау учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін ашылды», - деп жазды елорда әкімдігі мониторинг және жедел әрекет ету орталығынан. 

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордадан Түркістан облысына дейінгі жол жабылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы