Астана smart қалаға айналмақ

14 Ақпан 2025, 10:31
408
Бөлісу:
Астана smart қалаға айналмақ
Фото: Арман Мухатов - архив

Астана қаласының мәслихаты кезектен тыс сессияда жасанды интеллект арқылы қалалық инфрақұрылымды дамытатын жобаны талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыста "Астана қаласының жасанды интеллект негізіндегі қалалық инфрақұрылымды басқару шешімі" жобасы таныстырылды.

Жоба 2025-2030 жылдарға арналған.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

- Қаланы басқару тиімділігін арттыру;
- Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіп деңгейін арттыру;
- Жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту;
- Smart City инфрақұрылымын құру.

Инфрақұрылым қалай жаңғыртылады: 

• 10 000 заманауи бейнебақылау камерасын орнату;
• 502 заманауи аппараттық-бағдарламалық кешенді жолдарға орнату;
• 8 000 бейнебақылау камерасын әлеуметтік нысандарға біріктіру (жекеменшік балабақшалар, мектептер, вокзалдар, әуежай, LRT);
• Үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету;
• Байланыс арналарын оптикалық-талшықты желілер (ВОЛС) арқылы ұйымдастыру;
• Деректерді өңдеу орталығын құру;
• Қаланың жедел және коммуналдық қызметтері үшін бірыңғай ахуалдық орталықты ұйымдастыру.

Өзгелердің жаңалығы