«Астана – Щучинск» тасжолындағы дәретхананың жабық болуына байланысты сервистік компанияның облыстық филиалының директоры жұмыстан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, 8 наурызда аталған автожолдың 29-шақырымындағы дәретханалардың жабық тұрғаны анықталған. Компания қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдады.
Тексеру қорытындысы бойынша, сервистік компанияның облыстық филиалының директорын атқарып отырған лауазымынан босату туралы шешім қабылданды, - делінген компанияның хабарламасында.
Сонымен қатар, ұлттық компанияның филиал және орталық аппарат қызметкерлері де жауапкершілікке тартылған.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында дәрігерлерге демалыссыз жұмыс істеткен лауазымды тұлғалар жазаланды.