«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін көлік қозғалысы айналма бағыт бойынша ұйымдастырылады.

 BAQ.KZ архиві 12 Тамыз 2026, 08:52
12 Тамыз 2026, 08:52
173
Фото: BAQ.KZ архиві

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 12-20 тамыз аралығында автожолдың 1121-1186 шақырымдары аралығындағы учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін көлік қозғалысы айналма бағыт бойынша ұйымдастырылады.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден сапар бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде қауіпсіздік талаптарын орындауды сұрайды.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау және жолдағы өзгерістерді ескеру сұралады.

Наверх